«Таза Қазақстан»Жастар

Жастар қаланы тазартты

Наурызнама онкүндігі аясында Тазару күнінде бір топ жас «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы мен Орталық саябақты күл-қоқыстан тазартты.
-Бұл күні азаматтар қоршаған ортаны қорғауды насихаттап, экологиялық мәдениетті дамытуға шақыруға тиіс екендігі белгілі. Әрі Наурыз мейрамы ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді.
Жалпы, жас ақтөбеліктер алдыңғы жылдан бері«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына да елеулі үлес қосуда, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері Дана Санатқызы.
Акцияға облыстық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының мамандары, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағы, «Эко мәдениет» жастар қозғалысы, Ақтөбе студенттер альянсы және Ақтөбе политехникалық колледжінен құралған 100-ге тарта жас қатысты.
Олар 40 қап қоқысты қалалық полигонға жеткізді.

Сонымен қатар, Тазару күнінде аудан жастары да тазалық жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы барлық 12 ауданда жастар, табиғат жанашырлары саябақтарды, арықтарды, көшелерді қоқыстан тазартты. Кейбір аудандарда қоқыс-қалдықтарды көп жинаудан эстафеталар ұйымдастырылды.
Ақтөбенің тазалығы – ортақ абырой. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу белсенді жастардың назарынан тыс қалған емес.  Былтырдан бері өңір жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына елеулі үлес қосуда.
Барша ақтөбелікті қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button