Кітаппен дос болған жұрт

Индира ӨТЕМІС,
«Ақтөбе»
Ойтүрткі
…едік бір кезде. Оның дәлелі — Ілияс Есенберлин, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырзалиев және басқа да қазақ қаламгерлерінің кітаптары он мыңдаған данамен таралған. «Жұлдыз», «Жалын» сынды әдеби журналдардың таралымы да жоғары болды. Мысалы, 1972 жылы «Жұлдыз» журналы 180 мың дана таралыммен жарыққа шығыпты. Және ол заманда Қазақстанда қазақтың саны қазіргіден, шамамен2,5 есеаз болғанын да ескеріңіз.
Енді қазіргі зерттеулерге келейік. Өткен жылы 6,5 миллион адам қамтылған сауалнама қорытындысына, басқа да дереккөздерге сүйенген зерттеушілер кітаптың қайда, қалай оқылатыны бойынша халықаралық рейтинг түзіпті. Тізімге 102 ел енген. Ең көп кітап оқитын үздік ел ретінде АҚШ аталған. Бұл елде, орта есеппен әр адам жылына 17 кітап оқиды екен. Екінші орында — Үндістан. Жалпы, үздік 10 елдің қатарында Ұлыбритания бастаған 6 еуропалық ел бар. Ресей 6-орынды иемденген. Бірақ олар бұл көрсеткішті місе тұтып отырған жоқ. «Әлемді мойындатқан қаншама ақын-жазушыларымыз, мықты әдебиетіміз бола тұра, ең болмаса, үздік бестікке ене алмағанымыз ұят» деген пікір ұстанып отыр.
Ал біз қайдамыз? Біз бұл тізімде, яғни жоғарыда айтылғандай, 102 елдің ішінде 95-орынға «жайғасыппыз». Қазақстанда жылына әр адам, орта есеппен, 2,7 кітап оқиды екен.
Өкінішке қарай, өз елімізде жүргізілген зерттеудің қорытындысы да көңіл көншітпейді. 2023 жылдың соңында осы бағытта сауалнама жүргізіліп, оған 8 мың адам қатысқан. Солардың 52 пайызы кітап оқуға уақытымыз жоқ депті. Ал 21, 4 пайызы кітап оқуды мүлде ұнатпайтынын жеткізіпті. Тек төрттен бірі ғана жылына кем дегенде бір кітап оқитындардың қатарында екен.
Кітаптан неге жерідік? Мұның сан түрлі себептері алға тартылады: жұмыс пен тұрмыс қамы, одан қалды, қазақ арасында жиын-той көп, сондықтан көпшіліктің кітап оқуға уақыты да жоқ; кітаптан гөрі ғаламтор мен телефонда отырғанды көбірек ұнатамыз; елімізде кітап саудасы дұрыс жолға қойылмаған, жақсы кітаптар жарыққа шыққанымен, тек кітапханаларға таратылады, ал кітап дүкенінің сөресіне жетпейді, сондай-ақ шетелдегідейоқырман мен қаламгердің арасын жалғайтын әдеби агенттер де жоқ; баланы кішкентай кезінен кітап оқуға баулу жайы мүлде ұмытылған, ал адамкітаппенкішкентайында «достаспаса», үлкейгенде бауыр баса қоюы екіталай. Сонымен бірге қазір кім көрінген кітап «жазады». Бұл да кітаптың, көркем әдебиеттің беделін түсіруге әсер етпей қоймайтыны түсінікті.
Кітапханаларды жаңғырту ісі де кешірек қолға алынды. Қазіргі күні заманауи кітапханаларымыз бар, алайда оларға көбіне оқушы, студент жастар, тұрақты оқырмандар ғана барады. Өзі тұрған жерде қай маңайда кітапхана барын іздеп көрмеген адам жетерлік.
Мысалы, Ұлыбританияда кітапхана жұрт санасында отбасымен демалатын, зейнеткерлердің уақыт өткізетін жері ретінде қалыптасқан көрінеді. Бала тууына байланысты демалыста отырған келіншектіңкішкентай сәбиімен бірге күніне бір мезгіл кітапханаға барып, уақытын қызықты өткізуіне жағдай жасалған. Жас ерекшеліктеріне қарай үйірмелер, зейнеткерлерге арналған байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Ал біз мұндай тірлікке «кітапхана еріккеннің ермегі ме?» дегендей көзқараспен қарар едік.
Рас, кітапқа жанашырлық бізде де бар. Әсіресе шетел көрген азаматтардан мұны байқаймыз. Ақтөбелік Жайық Сұлтан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына дамыған елдердетехнологияныңозықтығынақарамастан, адамдардыңкітаппенгазетоқуданқолүзбегенін айта келіп: «Ұшақта, метрода, жұмыстантынығуүшінқолықалтеткенсәттеқолынаалатыны— телефонемес (!), кітап, журналнемесе … газеттер. Оқуойдыжүйелейді. ФранцузойшылыДениДидроайтқандай, кімоқудыдоғарса, олойлаудыдатоқтатады», — дейді. Тағы бір азамат Алматыда кітап оқи отырып тамақтанатын кофехана ашты. Біржағынан кітапхана секілді осы «Coffe Book» кофеханасынан Димашты кездестіріп қалып, әлеуметтік желіге сүйіншілеп, суретін жүктегенді де оқыдық.
Айтпақшы, Димаш Қытай телеарнасына берген сұхбатында өзінің сүйікті шығармасы — «Абай жолы» романы екенін айтқаннан кейін, осы кітаптың қытай тіліндегі аудармасына деген сұранысартыпты. Кітаппен дос заманның адамдары тәрбиелеген ұрпақтың халқына пайдасы, міне, осындай.