Тәрбие діңгегі

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай «Рамазан және отбасым» тақырыбында байқау ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат— отбасы бірлігін арттыру, балаларға Рамазан айының мерекесі мен берекесін ұғындыру.
Байқау шарты бойынша отбасы мүшелері жұмыла отырып, Рамазан айының құрметіне балаларымен бірлесе отыра үй-жайын безендіріп, сол арқылы баламен қызықты уақыт өткізіп, оларға Рамазандағы жақсы амалдар, көркем мінез, игі амалдар, садақалар мен көмектер, Рамазанның сыйлары туралы әңгімелеп беруі керек.
Мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Исламдағы бала тәрбиесі. Бала өміріндегі алғашқы Рамазан оразасының әсері» тақырыбында насихат айтты.
Байқауға қала, аудандар бойынша 21 отбасы қатысып, солардың арасынан 8 отбасы марапатталды. Сондай-ақ балаларға Рамазан сыйлықтары таратылды.
Одан өзге балалар білетін дұға, қысқа сүрелерін айтты.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.