Кәсіпкерлермен кездесті

Ашық есік күні
Ашық есік күні аясында облыс әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры Марат Әбішев кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қорғау және инвесторлардың мүдделерін сақтау мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтарының сақталуына кепілдік беру мәселелері көтерілді. Бұл іс-шара билік органдары мен кәсіпкерлер арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.
Әуелі сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров 2024 жылы өңі рэкономикасына 901,1 млрд теңге инвестиция, оныңішінде 337,4 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа инвесторларды тарту үшін инфрақұрылымды жақсарту маңыздылығын айтты. Осы ретте «Бұхара-Орал» магистральды газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілгенін, бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешіп, жаңа жобаларды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Одан соң облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе халықаралық әуежайы базасында құрылған арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) маңыздылығына тоқталып, оның логистика, көлік және өңдеу өнеркәсібін дамытуға серпін беретінін жеткізді. Сонымен қатар Хромтау қаласында индустриялық аймақ құрылып жатқаны және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын баяндады.
Мұнда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Өркен-2» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында шағын және орта бизнеске жеңілдетілген несие беру жоспарланып отырғаны да айтылды. Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнесті және инвесторларды қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап прокуратура инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар тарапынан заңбұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысып отыр.
— 2024 жылы прокуратура 30-дан астам инвесторға көмек көрсетті, олардың экономикаға қосқан үлесі — 345 миллиард теңге, — деп атап өтті облыс прокуроры. Сондай-ақ прокурор «прокурорлық сүзгі» жүйесінің енгізілгенін атап өтті. Бұл механизм мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуының, қызметті негізсіз тоқтату, келісімдерді біржақты бұзу сияқты әрекеттердің алдын алады.
Одан соң инвесторларды қолдау жөніндегі ұлттық деңгейдегі серіктестік —
«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева кездесуге бейнебайланыс арқылы қосылып, инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықты қолдау шаралары туралы айтты.
Ал «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Бас Прокуратурамен тығыз ынтымақтастық орнатылғанын және инвесторлармен байланысты жедел әрі тиімді жүргізу маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өңір басшысы мен прокурорға тікелей сұрақтар қойып, бизнес жүргізу, инвестициялар тарту және құқықтық қорғау мәселелерін талқылады.
Ашық есік күні аясында өткен кездесуде:
— Біз өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Былтыр облыс экономикасына 900 миллиардтеңгеденастам инвестиция тартылды, бұл— жақсынәтиже. Инфрақұрылымды дамыту, жаңа индустриялық аймақтар құру және бизнесті қолдауға арналған арнайы бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Біз әрқашан әріптестікке ашықпыз және өңірде бизнес жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірлесе отырып, экономикамызды дамытып, нығайта аламыз деп сенемін, —деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.



