Жаңалықтар

Қопадағы спорт кешені

Қуаныш

Хромтау ауданының Қопа ауылында жаңадан салынған ангар типті спорт кешені ашылды. Бұл — жергілікті тұрғындардың көптен күткен қуанышы.

Кешеннің салтанатты ашылуында әжелер шашу шашып, қонақтар дәмнен ауыз тиді. Үлкендердің батасынан кейін лента қию рәсімі жасалды.

Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, бұл жерде балалардың спорттың әр түрімен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуіне жағдай жасалған.«Аудан спортының болашағы — бүгінгі жастарымыздың қолында. Қопа ауылынан болашақ чемпиондар шығып, ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің намысын халықаралық додаларда қорғайтынына сенеміз», — деген аудан әкімі жиналғандарды жаңа кешеннің ашылуымен құттықтады.

Спорттық кешен заманауи талаптарға сай салынып, жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, шағын футбол алаңдары мен жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ кешен аумағында футбол алаңы мен воркаут алаңысалынып, барлық спорттық құрал-жабдықтар жаңартылған.

Бүгінде жаңа нысанда волейбол, футбол және күрестен алғашқы жаттығулар да басталған.

Спорттық кешеннің ашылу салтанатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Шоқпытов құрылыс жұмыстары былтыр мамырда басталып, желтоқсанда толық аяқталғанын айтты. Жобаның жалпы құны —  452,8 миллион теңге. Тапсырыс беруші — аудандық құрылыс бөлімі, бас мердігер — «АймарСтройСервис», техникалық қадағалаушы — «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС.

Салтанатты іс-шарада ауыл тұрғындары Жолдас Нұрымқанов пен Бәдегүл Бұзаубаевалар ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button