Жастарға арналған шығармашылық орталық салынады

Креативті индустрия
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі креативті индустрияны дамыту мәселесі қаралды.
Өңір басшысы жастардың шығармашылық жолын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті. Ол дизайн, сән, музыка, сәулет және басқа да салаларда жаңа өнімдер жасау мен қызметтер көрсету арқылы табыс таба алатын заманауи бағыттарды дамыту қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ Асхат Шахаров білім беру, мәдениет және стартаптарға мемлекеттік инвестициялар арқылы шығармашылық адамдарды қолдау маңызды екенін тілге тиек етті.
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың айтуынша, облыс креативті индустрияны белсенді дамытуда. 2023 жылы С.Жиенбаев атындағыкітапхана базасында шығармашылық орталығы ашылды, онда коммюнити спейс, IT-кабинеттер, дыбыс жазу студиялары және фото-аймақ бар. Бұл жастарға өз шығармашылығын тегін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жастардың сұранысы бойынша С.Бәйішев атындағыоблыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Makerspace» орталығы құрылды, онда жасөспірімдер робототехника мен технологияны оқи алады.
Сонымен қатар басқарма басшысы заңнамаға сәйкес креативті қызметтерді монетизациялау мүмкін болмай тұрғандығын айтып, бұл осы бағытты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін шектейтіндігіне тоқталды. Бұл мәселе «Атамекен» ӨКП-да өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен қаралды және қазіргі уақытта шешу жолдары іздестіріліп жатыр.
— Әр ауданда шығармашылық идеяларды енгізу үшін платформалар құру қажет. Жобалар нәтиже беруі керек және жастардың оларды өз бетінше ұсынуы маңызды. Жобаларды әзірлеп, өз идеяларымен бөлісу үшін жетістікке жеткен ақтөбелік әншілерді, блогерлерді, артистерді, журналистерді тартуға болады. Креативті индустрия жобалары сұранысқа ие және өңірді дамытуға бағытталуға тиіс, — деп толықтырды әкім.
Айта кетейік, Ақтөбеде өңір басшысының тапсырмасымен жергілікті тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қолдауға бағытталған жастарға арналған креативті орталық салу жоспарлануда. Орталықта контент жасауға арналған студиялар, шығармашылық кабинеттер және пікір алмасу аймақтары сияқты шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған әртүрлі кеңістіктер болады деп күтілуде. Сондай-ақ жоба аясында ғимараттың басқа қанатында облыстық планетарий салу жоспары бар. Қазіргі уақытта жобаны демеушілердің жеке қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі шешілуде.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.



