Соттың тілі қазақша ма?

Конференция
Қ.Жұбанов атындағы университеттің «Мәңгілік ел» залында «Мемлекеттік тілдің сот жүйесінде қолданылу мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған аймақ басшысы Асхат Шахаров, Жоғарғы Сот судьясы Досжан Әмір, сот жәнеқұқыққорғауоргандарыныңөкілдері, сондай-ақ университеттің заң пәндерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шараны ашқан Жоғарғы Сот судьясы Досжан Әмір Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамыту мәселесі талқыланатын іс-шараның маңызды екенін атап өтті.
— Сот жүйесіндемемлекеттіктілдіқолдану—қажеттілікқанаемес, еліміздіңқұқықтықнегіздеріннығайтудағымаңыздықадам. Біз сот төрелігін қоса алғанда, қоғамның барлық саласында қазақ тілін сапалы пайдалану үшін жағдай жасауымыз керек, — деді Жоғарғы Сот судьясы.
Облысәкімі сот процестеріндемемлекеттіктілдіқолдануғажергіліктібилікбасымдық беругетиісекеніне баса назараударды.
— Мемлекеттік тіл сот ісін жүргізуде маңызды рөл атқарады. Бұл салада мемлекеттік тіл саясатын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы құжат аясында тиісті іс-шаралар өткізіледі. Жалпы, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу мәселелері жіті назарда. Тіл заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстағы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 97,5% болды. Мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларының бірлескен күш-жігері мемлекеттік тілдің ұстанымын одан әрі нығайтуға және оны сот ісін жүргізуде толыққанды пайдалану үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деді облыс әкімі.
Айта кету керек, 2024 жылыоблыстықсоттарда 48 мыңғажуықісқаралды, оның 22 719-ы мемлекеттіктілдеқаралған, бұл— 48%. Өңір халқының 85,5 пайызы—қазақ, сондықтан бұл бағытта сот билігі мен өкілетті органдарбірлесе нақты шаралар қабылдауы керек, — деп атап өтті спикерлер.
Конференция сот актілері мен құжаттарында қазақ тілін қолдану проблемаларын, мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгерген мамандарды даярлауды, сот жүйесінде қазақ тілін қолдану сапасын жақсартуға бағытталған құқықтық бастамаларды, заңгерлерді қазақ тілін белсенді қолдануға ынталандыру үшін қабылданатын шараларды, басқа да көптеген мәселелерді қозғады.
Судьялар мен прокурорлар сот процестерінде қазақ тілінде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, елеулі прогреске қарамастан, кадрлардың тілдік даярлығының деңгейін арттыру, қосымша білім беру курстарын әзірлеу және заң терминдерін аудару үшін жаңа технологияларды енгізу сияқты бірқатар міндеттерді шешу қажет екенін атап өтті.
Құқық қорғаушылардың, судьялар мен адвокаттардың жұмысын жеңілдететін қазақ тілінде бірыңғай терминологиялық базаны әзірлеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Конференция соңында қатысушылар сот жүйесінде тіл саясатын одан әрі дамытудың маңызы туралы ортақ пікірге келді.
М.ТАБЫН.



