Мен оқыған бір кітап

Колледж
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі кітапханасында «Мен оқыған бір кітап» танымдық сағаты өтті. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасымен бірлесе өткізілген іс-шара «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қаламгерлердің әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызуды мақсат тұтқан танымдық сағатқа колледж оқытушылары мен оқушылары, кітапхана мамандары қатысты. Танымдық сағат биыл «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған қаламгерлер Тәкен Әлімқұловпен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды.
Тақырыпқасай кітап көрмесі жасақталып, оқырманға таныстырылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, сыншы, аудармашыТәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді. Колледж оқытушылары Ләззат Балғазиева, Ардақ Қалиеваның жетекшілігімен оқушылар Тәкен Әлімқұловтың «Көк қаршыға», «Қара тау» шығармаларына талдау жасады.
Республикалық акцияның поэзия жанры бойынша көрнекті ақын, биыл туғанына 90 жыл толатын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Жұмекен Нәжімеденов — жыр темірқазығы» көрмесі таныстырылып, өлеңдері оқылды.
Танымдық сағат Нұргүл Аманованың жетекшілігімен дайындалған «Балауса» композициясымен қорытындыланды.
Райла ЕСКАРИНА,
Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы.



