Қарттар қамқорлықта: Ойылдағы «Белсенді өмір сүру орталығы» жұмысы бақылауда

Ойыл ауданында зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар ерекше назарда. Осы орайда аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, депутаттық фракция мүшелері Сәндібек Нұрбаев, Жангүл Ізғарина, Өркен Ақеділов, сондай-ақ аудандық Қоғамдық Кеңес төрағасы Марат Арыстанов «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымына қарасты «Белсенді өмір сүру орталығы» партиялық тобының жұмысымен танысты.
Орталық егде жастағы азаматтардың денсаулығын жақсартуға, олардың әлеуметтік байланыстарын нығайтуға және жалпы өмір сапасын арттыруға бағытталған. Мұнда зейнеткерлер үшін әртүрлі жаттығулар, мәдени-рухани іс-шаралар, психологиялық және медициналық көмек көрсетілетін қызметтер қарастырылған.
Партиялық бақылау және ұсыныстар
Депутаттар орталықтың қызметімен танысу барысында «Инватакси» қызметіне де партиялық бақылау жүргізді. Бұл қызмет ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, медициналық мекемелер мен әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Бақылау барысында бірқатар түйткілді мәселелер анықталып, жұмысты әлі де жандандыру қажеттігі айтылды. Жиналған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта орталықтың қызметін жетілдіру бойынша нақты қадамдар жасалатыны мәлім болды.
Қарттарға қамқорлық – қоғамның басты міндеті
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, аға буын өкілдерінің әл-ауқатын арттыру, олардың қоғамнан тыс қалмауына жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Ойыл ауданында жүзеге асырылып жатқан осындай жобалар – осы бағыттағы жұмыстардың нақты көрінісі.
Депутаттар қарттармен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Орталық қызметкерлері мен зейнеткерлер де атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта жаңа бастамалардың жүзеге асатынына сенім білдірді.
Ойыл өңіріндегі аға буынға жасалып жатқан қамқорлық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
«Amanat» партиясы Ойыл аудандық «Жібек жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Майлыбаева



