Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылықсыз әлем»

Архив

Облыстық мемлекеттік архиві облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының биылғы жол картасын жүзеге асыру мақсатында«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету» тақырыбы бойынша«Зорлық-зомбылықсыз әлем»  аттыақпараттық сағатын өткізді.

Онда зорлық-зомбылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қазіргі кезде қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жастардың, жасөспірім балалардың психикалық саулығын қамтамасыз ету, бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнын түсіндіру маңыздылығы атап көрсетілді.

Облыстық мемлекеттік архиві директоры Марат Төлебайұлы отбасылық құндылықтарға тоқталып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты бірлесе жұмыс жасау тиімділігін баса айтты.

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығынан келген  теолог АйбекҚұрмановдін мен дәстүр бірлігі ұлт болашағының кепілі екендігіне тоқталды.

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Айымгүл Төкешова «Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңдарға тоқталып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға көмек көрсететін мекемелердің қай жерлерде орналасқандығын және де сенім нөмірлеріне кез келген уақытта хабарласуға мүмкіндік барын жеткізді.

Ақтөбе қаласы отбасын қолдау орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Арайлым Бөкенбаева «Анаға тағзым» орталығында психолог, логопед мамандары тегін қызмет көрсететінін және аналарға тегін курстар оқытылатынын, тағдырдың қатал сынына ұшыраған кез келген адам көмекке жүгіне алатынын айтып өтті.

Шара аясында бейнеслайдтар  көрсетіліп, ақпарат парақтары таратылды.

Жанаргүл ӘЖІҒАЛИЕВА,

облыстық мемлекеттің архивтің

бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button