Жаңалықтар

Мадиярдың жеңісі

Бәрекелді

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен «Sound of sea» өнер додасынан жерлесіміз Мадияр Мырзагереев жеңіспен оралды. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар қатысты.

Іс-шараның мақсаты — жас жеткіншектердің өнерге деген қызығушылығын арттыру, талантты балаларды қолдау.

Байқауға Қазақстаннан 70-ке жуық өнерпаз іріктеліп алынды. Оның 10-ы ақтөбелік жас таланттар. Дүбірлі додаға қатысқандар арасында  бақ сынасқан Мадияр Мырзагереев «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, гран-при жүлдесін иеленді. Ұлым «Smart Bilim» мектеп-гимназиясында оқиды. Кішкентайынан ән салуға әуес болған балам көптеген байқау топ жарды. Биыл Түркияда өтетін әлемдік деңгейдегі байқауда өнер көрсетеді. Өнерде де, өмірде де жолдасым Ғабит екеуміз балаларымызды кішкентай кезінен өнерге баулыдық. Біз құрған «Мырзагереевтер» отбасылық ансамблі «халықтық» ұжым атағын алып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді. Қызым Мадина Мырзагереева биыл Түркия мемлекетінде өтетін «Sky fly of the world» байқауына жолдама алды. Балаларымның жетістігіне әрдайым қуанып, қолдау көрсетіп отырамын, — дейді анасы Арайлым Мырзабекова.

Арайлым Мырзабекованың өнерде жүргеніне биыл — 26 жыл. Ол 4 жыл бұрын  Ақтөбе қаласында «Арайлым» өнер мектебін ашты. Қазір облыс орталығының екі шағын ауданында екі өнер мектебі бар. Бұл қосымша білім беру ұйымдары «Darabala» арқылы мемлекеттік тапсырыс бойынша бала қабылдайды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button