Көлік-логистика саласы: жетістіктер мен жобалар

Асылбек ЕСЕНБАЕВ,
облыс әкімінің орынбасары:
Көлік-логистика саласы: жетістіктер мен жобалар
2024 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль көлігі қызметтерін 70,3 млн.адам пайдаланды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,2% өскенін көрсетіп отыр
Жүктерді тасымалдауда жетекші орынды автомобиль көлігі алады. 2024 жылы автомобиль көлігімен 36,6 млн тонна жүк тасымалданды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі (ИФО) 105,5 %-ға жетті. Әлеуметтік маңызы бар 8 облысішілік бағыт бойынша автобус тасымалдарын субсидиялау бағытында 331,6 млн. теңге игерілді. Сондай-ақ жылжымалы құрам паркін жаңарту мақсатында тасымалдаушылар лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша ГАЗ А65R35 «NEXT» маркалы 10 автобус сатып алды.
Биыл да аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады: 2025 жыл бойынша нақты көлем индексі (ИФО) – 106 %. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялауға 577,6 млн. қаржы қарастырылды. Ал жылжымалы құрам паркін жаңарту мақсатында тасымалдаушылар 10 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
Ақтөбе әуежайында S SISTEM түрік компаниясымен бірге «ҚАЗПОШТА» АҚ инновациялық пошта терминалын салу жобасын қолға алды. «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС компаниясы Ақтөбе әуежайының отын-жанармай құю кешенін жаңғырту және кеңейту жобасын жүзеге асыруда.



