Жаңалықтар

Жаңа жылда өмірге келген балаларды бірінші болып дәрігерлер құттықтады

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

2025 жылы ең бірінші сәби Байғанин ауданындағы перзентханада туылды. Сағат 00:10-де салмағы 2900 гр құрайтын қыз бала дүниеге келді. Бұл – Гаухар мен Райымбек Оразғалиевтер отбасындағы төртінші перзент, үшінші қыз.

Ал Ақтөбе бойынша бірінші бала 2025 жылы қалалық Қарғалы ауруханасында дүние есігін ашты келген. Сағат 00: 20-да көп балалы ана 5 баласын дүниеге әкелді.

Ақтөбе облысында Жаңа жыл түнінде барлығы 14 сәби туылды, оның тоғызы – ұл және бесеуі – қыз.

Шалқар перзентханасында ең үлкен салмақтағы нәрестенің туылу дерегі тіркелді. Сәбидің салмағы 4280 гр.

Сәбилі болған ата-аналардың арасында бірінші болып Қандыағаш қаласында туылған балаға есім берілді. Мұнда сағат 04:55-те Ерсұлтан есімді сәби дүниеге келді.

Барлық жаңа туған нәрестелер мен аналарды стационарлардың әкімшілігі өкілдері құттықтады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button