Бірлік пен келісім — қоғамның басты құндылығы

Өңірде ұлтаралық келісіммен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамы тұрақты,онда 17 этномәдени бірлестік тіркелген. Ассамблея құрамында 7 құрылымдық бөлімше — аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, медиация кеңесі,ғылыми-сараптамалық топ,журналистер клубы, «Жомарт Жан»орталығы, Ассамблея жастары белсенді жұмыс істейді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің жаңа құрылымдар құру жөніндегі отырысында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында өңірде жас ғалымдар клубы және шығармашылық ұжымдар қауымдастығы құрылды. Студенттер Ассамблеясын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әрбір құрылым өз қызмет бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Іс-шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 арнайы жобасын іске асыру шеңберінде өтікізіледі.
Маңызды бағыттардың бірі — «Мемлекеттік тіл — этносаралық қатынас тілі» жобасы. Өңірде мемлекеттік тілді дәріптеу мақсатында «ETNOMEDIA» жобасы, «Мәміле» ситуациялық қазақ тілі клубы, «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы іске асырылып келеді, жыл сайын облыстық кезеңнің жеңімпаздары жобаның республикалық кезеңдеріне қатысады. Мәселен, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясының жеңімпазы, кәрістер қауымдастығының өкілі Нелли Югай республикалық кезеңде өз өнерін көрсетті.
Ақпараттық кеңістікте этностар өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілде «SŪQBATTAS» подкаст форматында, «Republic Day», «Қыран елім — Қазақстан» патриоттық акциясы аясында сұхбаттар, түрлі этностар өкілдерінің «Бірліктің дәмі балдай» ұлттық асханаларының тағамдары туралы бейнероликтер сериясы ұйымдастырылды.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу мақсатында Наурыз мейрамын мерекелеу бойынша Наурызнаманың жаңа тұжырымдамасы бекітілген болатын. Осы тұжырымдама аясында этномәдени бірлестіктермен бірлесіп биыл алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратының жанына киіз үй орнатылып, мерекелік дастарқан жайылып, театрландырылған және мерекелік концерт дайындалды. Сонымен қатар мереке аясында алғаш рет этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында «Бауырсақфест» фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалы жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөліп отыр, өкілдік қызметіне 150-ден астам жастар тартылған.
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өкілдік белсенділері Владислав Толочко, Алиса Кайхарова, Александр Моисеенко, Тамара Дайкова республикалық іс-шараларға қатысады. Олар өздерінің өнегесі мен белсенді өмірлік ұстанымы арқылы мемлекеттік тілді меңгеру, оны қолдануды кеңінен насихаттауда.
Бүгінгі таңда Ассамблея жастарының қатысуымен өңірдің тарихи, киелі жерлерімен танысу бағытында «Қазақстанның киелі жерінің географиясы», «Аssembly Camp» жобасы, «Жастар-LIFE» волонтерлік және реалити-шоу дағдыларына үйрету үшін «ProAktiv» жобалары іске асырылуда, бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі республикалық жоспарға үлгі ретінде енгізілді. Мемлекеттік тілде Kahoot интернет платформасында зияткерлік ойындар өткізіледі. Отбасылар (этнос өкілдері) арасында «Берекелі шаңырақ» конкурсы, «Жастар коллаборациясы» облыстық семинар-тренингі, сондай-ақ жыл сайынғы мотивациялық кино көрсетілімі өткізіледі. Жастар ассамблеясының мүшелері «Көшбасшылар мектебі» Қазақстан халқы Ассамблеясының жобасына және «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасына белсенді қатысады. Ассамблея жастарының жұмысына кәрістер қауымдастығының және неміс қоғамдастығының өкілдері белсенді үн қосуда. Неміс жастарының көшбасшысы Цой Данил өкілдік мүшелері үшін «Біздің заманымыздың көшбасшылары» практикалық семинарын өткізді.
Отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қылмыстың, нашақорлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, вейпингтің таралуының алдын алуға бағытталған аналар кеңесінің жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Кеңес «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» жобаларын жүзеге асыруда. Аналар кеңесінің жұмысы жыл қорытындысы бойынша республикалық деңгейде атап өтіліп, «Нәтижелі нәсихаттаушы» номинациясымен марапатталды.
Ақсақалдар кеңесі «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру аясында тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
БиылҚазақстан халқы Ассамблеясының қайырымдылық шараларын үйлестіру және әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыру үшін республика бойынша «Жомарт Жан» орталықтары құрылды. Су тасқынына қарсы науқанның алғашқы күндерінен бастап оны жүзеге асыруға орталық мүшелері белсене атсалысты.
«Урарту» армян қоғамдастығы су тасқынына қарсы жағдайға тартылған еріктілер мен әскери қызметкерлерге 300 адамға арналған ыстық тамақ үлестірді.
Р.Азизов Қобда және Ойыл аудандарына 21 арнайы техника жөнелтті. Н.Шабаева 1057 қорғаныс киімімен және 100 адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға Е.Шек тұрмыстық техника және 2000 кг тұрмыстық бұйымдарды сыйға тартты. Корей қауымдастығының мүшесі — «Рокос» компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 5 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ осы акция аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін «Урарту» армян қоғамдастығының қолдауымен Санкт-Петербургтен келген дәрігер, балалар психологы және психотерапевт Ара Авакян тегін кеңес берді.
Орталық төрағасы Талғат Хамитов этномәдени бірлестіктермен бірлесіп, «Мектепке жол» республикалық акциясында 250 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдары мен мектеп формасы түрінде көмек көрсетті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне, Отан қорғаушылар күніне, Халықаралық қарттар күніне кәрістер қауымдастығы қайырымдылық шараларын өткізді. Мереке аясында 75 қарияға көмек көрсетілді. Тәуелсіздік күні мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы үздік сурет салу және қолөнер байқауының, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған қайырымдылық жаңажылдық кештердің қорытындысы шығарылды.
Этномәдени бірлестіктер типтік жұмыс жоспарын, «Елтану», «Бірлігіміз әр алуандығымызда», «Этномәдени бірлестіктер: реформалардың әлеуметтік негізі» жобаларын жүзеге асыру аясында іс-шаралар өткізеді.
Мемлекеттік және ұлттық мерекелер—Алғыс айту күні, Бірлік күні, Әкелер күні, Аналар мерекесіне байланысты жиынтық іс-шаралар ұйымдастырылып, бейнероликтер түсірілді.
Сондай-ақ дәстүрлі халықтық және ұлттық мерекелер— «Масленица», «Чхусок», «Сабантой»,халықаралық сығандар күніне арналған концерт, немістердің пасхасы, әзірбайжандардың Наврузы өтті.
Этномәдени бірлестіктер басшыларының ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасарлары үшін «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты практикалық оқыту семинары ұйымдастырылды. Ынтымақ, қоғамдық келісім, бірлік және ұлтаралық қатынас мақсатында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарына арналған «DostyqCamp» іс-шарасы, дәстүрлі ұлттық және халықтық мерекелер,шығармашылық топтардың есеп беру концерттері өткізілді.
Этномәдени бірлестіктер жанында шығармашылық ұжымдар жұмыс істейді, олардың он тоғызы «халықаралық» және «үлгілік» атақтарға ие.
Облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация орталығы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде. Орталық мүшелері Ақпарат және мәдениет министрлігіне қарасты Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырған «Этномедиация орталықтарының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту семинарына қатысты.
Этносаралық қатынастар саласында ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізілуде. Облыстың білім беру ұйымдарында, кәсіпорындарында және көпұлтты аудандарында қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін кеңінен насихаттау, жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық сүйемелдеу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Ассамблея аясында журналистер клубы жұмыс істейді, клуб мүшелері өңірлік Ассамблеяның қызметін республикалық, өңірлік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде тұрақты негізде жариялайды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан «МедиаХаб» құрылды.
Алдағы жыл — Ассамблея үшін мерейлі жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде мемлекеттік және ұлттық мерекелерге, есте қаларлық күндерді өткізуге, экологиялық іс-шараларға арналған бірлескен, біріктіруші іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық іс-шараларды жүзеге асыруға да ерекше көңіл бөлінеді.
Марғұлан НҰРМАҒАМБЕТОВ,
облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі.



