2025 жылы декларацияны кімдер тапсырады?

Декларация
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес жеке тұлғаның активтерімен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндеттеме келесідей санаттарға қолданылатынын хабарлайды:
- шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері (жылжымайтын мүлік, көлік, банк шоттарында 1000 АЕК-тен жоғары ақша);
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
- декларацияны өз еркімен бергісі келетіндер;
- сайланбалы қызметке, мемлекеттік қызмет атқаруға кандидаттар және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
- банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер.
Шетелде болмаған жағдайда жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы 250 СЕН декларацияны ұсынудан босату:
- жылжымайтын мүлік және көлік;
- 1000 АЕК (3,7 млн теңге) астам сомаға шетел банктеріндегі банктік шоттардағы ақша;
- инвестициялық және бағалы металдар;
- шетелдік компаниядағы қатысу үлестері;
- тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
- делдалдық шоттардағы ақша;
- зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқықтар;
- цифрлықактивтер;
- дебиторлық/кредиторлық берешек;
- бірлігіне 1000 АЕК-тен асатын мүлік (3,7 млн теңге) (антиквариат, сәнді заттар жәнет.б.).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында және шетелде құны 20 000 АЕК-тен (2024 жылы бұл 73 840 000 теңге) асатын ірі сатып алулар жасаған тұлғаларға декларация тапсыру міндетін енгізу ұсынылады.
Декларацияны ерікті түрде ұсынған кезде декларанттар10000 АЕК-тен аспайтын сомада қолма-қол ақшаны және кейіннен жеке тұлғаның шығыстарын растау ретінде қызмет ете алатын өздерінің басқа да активтерімен міндеттемелерін декларациялай алатынын атап өту маңызды.
Қолма-қол ақша сомасы10000 АЕК-тен асатын азаматтарға (2024 жылы бұл 36920000 теңге) мұндай адамдар бұл қаражатты 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін банк шоттарына орналастыруы қажет.
Декларацияны ұсыну тәсілдері
Декларацияны «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz),салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) және екінші деңгейдегі банктер арқылы тапсыруға болады.Декларацияны ұсыну мәселелері бойынша қосымша ақпаратпен кеңес алу үшін Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің мkdaqtobe ресми Instagram парақшасына жазылыңыз.



