«Ақтөбе» — 100!

Руханияттың шежіресі

Құдайберген БЕКЕНОВ,

облыстық мәслихат депутаты.

Облыстық басылым — «Ақтөбе» газетінің ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Біз үшін бұл газет —өңірдің жаршысы ғана емес, билік пен халықты байланыстырып, елімізде, облыста болып жатқан оң өзгерістерді уақытында оқырманға жеткізіп отыратын басылым.

«Ақтөбенің» жүзжылдық жолы —өңір тарихының жылнамасы, руханияттың шежіресі. Өңірімізден шыққан көптеген белгілі тұлғалар мен азаматтардың ел мүддесі жолындағы қайраткерлік қызметі осы басылыммен тығыз байланысты. Себебі осы басылымда олардың қолтаңбасы қалған, халқымыздың біртуар перзенттері жайлы жазылған мақалалар да көп жарияланады.

Биыл Қазақстан Республикасы мәслихаттарына отыз жыл толды. Осы уақыт ішінде мәслихаттардың жұмысы, депутаттардың көтерген мәселелері,ауыл-аймақта болып жатқан оқиғалар, халық қалаулыларының бастамасымен жүзеге асырылған жобалардың барлығы «Ақтөбе» газетінде жарияланып келеді. Бұны басылымның ел игілігі және өңірді өркендету жолындағы сүбелі үлесі деуге болады. Сондықтан халық қалаулылары атынан газетұжымын мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, алда да биік белестер, жаңа жетістіктер тілеймін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button