Жаңалықтар

Темір ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов Темір ауданының әкімі лауазымына  тағайындалды. 

Алмас Жақсылықов 1978 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  

Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.

2004 – 2009 жж. Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы; 2009 – 2013 жж. «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет етті. 

2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.  2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button