Жаңалықтар
2025 жылы Ақтөбе облысында 24 ауылға газ тартылады
Биыл өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 95,7%-ға жетті. Ал 2025 жылы 24 ауылды газдандыру арқылы бұл көрсеткішті 96,8%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
«Биыл 2 мыңға жуық халқы бар 5 ауыл газдандырылды. Келесі жылы 9,8 мың тұрғыны бар 24 ауылға газ тартуды жоспарлап отырмыз», — деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Сонымен қатар, «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының үшінші желісі салынып жатыр. Бұл жоба алдағы 50 жылда облыс орталығындағы газ тапшылығын толық шешуге мүмкіндік береді.
Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалған жоқ. Биыл 64,5 млрд теңге бөлініп, 193 жоба жүзеге асырылуда. Оның аясында Ақтөбе қаласының 200-ден астам көшесі жөнделіп, 500 шақырым жолға асфальт төселді.