Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқы жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне жоғары талаптар қояды.

Этикалық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, өздерінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себеп бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі келесідей қағидаттарға негізделеді:

  • адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
  • адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас;
  • әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
  • ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
  • сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау;
  • клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау.
    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеттемелерінің бірі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button