Жаңалықтар

Ақтөбе облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр

Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл 12,3 млрд теңге бөлініп, 827 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді. «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламасы аясында 225 отбасы баспана алды. Оның ішінде, 118 отбасы әлеуметтік осал топтарға жатады.

«Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық үй зардап шекті. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша 1 013 үй апатты деп танылды. Аталған мәселені шешу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 500 үй салынып, 513 дайын үй сатып алынды. Сондай-ақ 3 мың тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 9,8 млрд теңгеге өтемақы берілді», – деді спикер ОКҚ алаңында.

Бұдан бөлек, мемлекет қолдауының арқасында бүгінгі күні 13 білім беру, 2 спорт және 1 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге және құрылысына, сондай-ақ, 47 шақырым автожолдарды, 23 көпірді және 22 гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіруге толық қаржы бөлінді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button