Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 858 га құрайтын арнайы экономикалық аймақ бойынша жұмыстар атқарылуда

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының экономикалық өсімі 106% деңгейінде қалыптасты. Орташа жалақы 364 мың теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті. Бұл туралы өңір әкімі Асхат Шахаров хабарлады. Оның айтуынша, жыл басынан бері өңір экономикасына 764 млрд теңге инвестиция тартылды. Биыл 1 мыңнан астам жұмыс орын құра отырып, 3 жоба іске қосылды, жыл соңына дейін тағы 3 жоба өз жұмысын бастайды.

«Инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Қазіргі кезде Ақтөбе әуежайында мультимодальді хаб аясында 858 га құрайтын арнайы экономикалық аймақ бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған аймақта кемінде 40 астам жобаны 1,2 трлн теңгеге жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ Хромтау моноқаласында 400 млрд теңгеге 20 жобаны жүзеге асыруға арналған Индустриалдық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button