Өңір басшысы тұрғындарды қабылдады
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Amanat партиясының ғимаратында бірыңғай қабылдау өткізді. Аймақ басшысы жалпы саны 20-ға жуық тұрғынның мәселесімен танысып, заң аясында шешілетінін айтты. Азаматтардың арыз-талабын, ұсыныстарын басқарма басшылары мен аудан әкімдері де тыңдады.
Асхат Шахаровтың қабылдауына жазылғандар жеке-жеке мәселесін тізіп, әкімнен шешілуге көмек беруін сұрады. Қабылдауға келгендердің көбі баспана базынасын айтты. Енді бірі жұмысқа орналастыру, денсаулық жағдайына қатыстымәселелерді қаузады. Әр өтініш бойынша толық түсініктемелер берілді. Жауаптылар келушілердің арыз-талабы заң аясында шешімін табатынын, назардан тыс қалмайтын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына алдын ала жазылу тұрақты негізде жүргізіледі. Тұрғындар egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.
Д.АЙДАР.