Қоғамдық қатысу: «Таза Қазақстан» акциясының күші
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар қоғамның да белсенді қатысуын талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтқандай, экология мәселелері – әркімнің күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналуы тиіс.
Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясына 418 мыңнан астам тұрғынның қатысуы – жалпы ұлттық интициативаның нәтижесі. Бұл акция барысында тұрғындар өз аумақтарын тазалап, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің үлгісін көрсету үстінде. 291 саябақ пен сквердің ретке келуі, сондай-ақ, 356 111 ағаш отырғызу – қоғамның экологиялық мәселелерге деген көзқарасының өзгергенін көрсетеді.
Акцияға қатысушылар арасында еріктілердің рөлі ерекше. Олар өздерінің уақытын, күш-жігерін аямай, қоғам игілігі үшін бұл акцияға белсене атсалысуда. Бұл тек экологиялық сауаттылықты арттыруға ғана емес, сондай-ақ, ортада өзара түсіністікті, қоғамдастықты нығайтуға ұмтылуға себеп болып отыр.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты түрде жалғасып, әркімнің күнделікті дағдысына айналуы тиіс.