Жаңалықтар

Келісім мен бірлік — ел тұрақтылығының кепілі

Асхат ШАХАРОВ,

Ақтөбе облысы әкімі

Ассамблея

Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі —  қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың ұйысып, қоғаммен біте қайнап, тату өмір сүріп жатқаны — халқымыздың бірлігі — ең үлкен құндылығымыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық бірегей моделін қалыптастыру, оны одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарып отыр.

Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру, еліміздің көпэтностық  кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік орнату бағытындаАссамблеяның жүйелі қызметінің маңызы зор.

Еліміздің әрбір тұрғыныэтникалық және діни ерекшеліктеріне қарамастан, Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенімге ие.

Бүгінде Ақтөбе облысында этносаралық қарым-қатынас мәдениетін, яғни өзара татулық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етубағытында барлық жағдай жасалған. Өңірде 90-нан астам этнос өкілдері тұрады. Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясығимаратындақұрамында 2245 мүшесі бар 17 этномәдени бірлестік белсенді қызмет атқарып отыр.

Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиаторлар кеңесі, Журналистер клубы, «Жомарт жан» орталығы, ғылыми-сарапшылық топ, «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық өкілдігі секілді бірнеше қоғамдық құрылым жұмыс істейді.

Жыл басынан бастап облысымызда этносаралық келісім мен тұрақтылықты, жалпыұлттық бірлікті насихаттауға бағытталған 497 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 14мыңнан аса адам қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестер мүшелері барлық мемлекеттік мекемелермен бірлесе халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге негізделген, Отанға деген сүйіспеншілік идеяларын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.

Мәселен, 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналған бұқаралық-көпшілік іс-шаралары, «Наурыз — достық мерекесі!» атты концерттік бағдарламасы аясында «Bauyrsaqfest» байқауы мен ұлттық ойындар,1мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күнінеорайластырылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбіліктер, іс-шаралар, 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара, «Менің туым — менің мақтанышым!» тақырыбында патриоттық челлендждер өткізілді. Сонымен бірге «Елтану» жобасы аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету жөнінде лекторий сағаттары, А.Құнанбайұлының туған күніне орай ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқудан челлендждер, «DOSTYQ CAMP» тимбилдингі,  «Мың бала» мәдени-ағарту жобасын іске асыру аясында «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқауы, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатындағы «Жастар LIFE» реалити шоуы ұйымдастырылды.

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде де Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері және этномәдени бірлестіктері ортақ істен шет қалмай, белсенділік танытты. Су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында аймақтық штаб құрылды. Ассамблеямүшелері эвакуациялық орталықтарға азық-түлік, тұрмыстық заттар жеткізіп, құтқарушылар мен волонтерлерге ыстық тамақ дайындап,таратты.

Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл — ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы.Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында «Мәміле» тілдесу клубы жұмыс істейді. Қазіргі таңда клуб құрамында 40-тан астам этнос өкілдері дәріс алады. «Отан.KZ» этномәдени бірлестігі ситуациялық қазақ тілін оқыту бойынша «Abay» курсын  ұйымдастыруда. Сонымен қатар «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігінің мүшесі, «QazaqVibe» курсының негізін қалаушы А.Кайхарова әлеуметтік желілерде «Söileqazaqşa» айдарын жүргізіп келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде түрлі этнос өкілдерінің мәдени, экономикалық өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы туралы күнделікті материалдар жарияланып, үгіт-насихат жұмыстары да тұрақты жүргізіліп келеді.

Тұтастай алғанда, Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым екендігін көрсетіп, белсенді жұмыс атқарып келеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button