Жаңалықтар

10 айдың қорытындысы

Ырғыз ауданы

Сәрсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов биылғы 10 айдың қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, Ырғыз ауданында жыл басынан бері 5 млрд 41 млн теңгенің өнімі өндіріліп,инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд 95 млн теңгеге жеткен. Ауданда ауылшаруашылығы саласы дамып, мал саны көбейіп келеді. Мәселен, бүгінде аудан бойынша 34 398 іріқара, 84 485 қой-ешкі, 15 714 бас жылқы, 1031 бас түйежәне 9674 құс бар.

— Биылғы қыс айларына аудан бойынша жоспарланған196500 тонна мал азығын дайындау жұмыстары 102 пайызға орындалды. Шаруалар 200 979 тонна мал азығын дайындап, оның 185 102 тоннасын тасып алды. Биыл ауданымызда 227 гектар жерге бау-бақша дақылдары егіліп, күзде 101 гектардан 888,8 тонна картоп, 48 гектардан 412,8 тонна көкөніс, 78 гектардан 608,4 тонна бақша өнімдері алынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 73 жобаға құжаттар тапсырылды. Оның ішінде бір жоба— өсімдік шаруашылығы, 8 жоба— шағын бизнес және 64 жоба мал шаруашылығы бойынша ұсынылды, — деді ол.

Ырғыз ауданында бүгінде 8 елдімекен немесе тұрғындардың 81,5 пайызы газбен қамтылған. Биыл Жарма ауылына тартылатын ауыл ішілік газ құбырының құрылысы басталды. Мердігер ұйым — «QazynaStroiServis» ЖШС. Жобақұны— 477,5 млн теңге Жоба келер жылы аяқталуға тиіс.

Бүгінде аудан бойынша 18 елдімекеннің 16-сы немесе аудан халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауызсу желісін пайдаланып отыр. Былтыр Қарасай ауылына, биыл Дүкен елдімекеніне кешенді блок модуль орнатылған.Сонымен қатар Ақши ауылына су айдау стансасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр.

Ауданымызда соңғы жылдары ауыл жолдарына асфальт төселіп, бірқатар көшелер жөнделді. Атап айтсақ, биыл Құрылыс ауылындағы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ырғыз ауылындағы Шонанов, Абай, Әйтеке би, Арал, Шахин, Астана көшелеріне асфальт төселді. Бұдан бөлек Ырғыз-Құтикөл-Жарма-Құйылыс автожолының 30-45 шақырымының құрылысы жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 505,1 миллион теңге, облыстық бюджеттен 323,6 миллион теңге бөлінді. Жоба 2025 жылы жалғасады, — деді Нұрлан Қызбергенов.

Биыл көктемгі су тасқыны кезінде аудандағы бірнеше ауылды су басқан болатын. Осыған байланысты жаз-күз айларында ауданда құрылыс қарқынды жүргізіліп, зардап шеккендерге жаңа тұрғын үйлер салынды. Атап айтсақ,Ырғыз ауылында — 51,Нұра ауылында (Сарыоба) — 63,Мамыр ауылында 6 үй тұрғызылды. Су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасыға «DAR Charity» қоғамдық қоры және 34 отбасыға «Қамқор Ақтөбе-2024» қоғамдық қоры арқылы Ырғыз ауылынан 41 тұрғын үй сатып алынып берілді.

Қазіргі таңда Нұра ауылында 60 орындық орта мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бүгінде 2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында «Қамқор Ақтөбе-2024» қайырымдылық қоры арқылы бөлінген демеушілік қаражат есебінен мердігер мекеме—  «BNB StoryGroup» компаниясымен келісім шарт жасалып, Жайсаңбай, Құйылыс, Белшер, Мамыр, Құтикөл және Ырғыз ауылдарында су бұру жұмыстары басталды.Сондай-ақ жергілікті бюджет резерві есебінен Жаныс би, Аманкөл ауылдарындағы бөгеттерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу шаралары ұйымдастырылуда, — дейді аудан әкімі.

Брифинг барысында Нұрлан Қызбергенов ауданның әлеуметтік саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл Жарма ауылында 60 орындық орта мектеп пайдалануға берілді. Қазір Құмтоғай ауылында 100 орындық орта мектеп салынып жатыр. Сондай-ақ алдағы жылдары Қалыбай ауылында да жаңа мектеп бой көтереді. Бұдан бөлек Нұра мен Тәуіп ауылдарында дәрігерлік амбулатория тұрғызылып, Ырғыз аудандық ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады. Қазіргі таңда бұл жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып жатыр.

Алдағы желтоқсан айында Ырғыз ауылында жаңа кітапханамен денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Құрылыс ауылындағы ангар типтес спорттық сауықтыру кешенінің ұзаққа созылған құрылысы да жалғасатын болады.

Жалпы, ауданымыз жылдан-жылға дамып келеді. Ауылдарда кәсіпкерлікпен және мал, өсімдік шаруашылығымен айналысатындардың саны артуда. Елдімекендерде

NEET санатындағы жастардың саны жыл басында 64 болса, бүгінде 36 адамға азайды. Биыл бұл орайда ауданда 2332 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 50 адам жіберілді, — деді Н.Қызбергенов.

Брифинг соңында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауапберді.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button