Жаңалықтар

«Ақырын жүріп, анық бас…»

Жемқорлыққа қарсы күрес

Ақтөбеде «Тәуелсіз сарапшылардың рөлі және сатып алу процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу» туралы республикалық семинар өтті.

«Antikor ortalygy» алаңында өткен жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және «Атамекен» студенттік отряды бірлесіп ұйымдастырды. Яғни республикалық деңгейде мемлекеттік сатып алу субъектілері үшін кеңейтілген оқыту ұйымдастырды.
Семинар мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін ZOOM платформасы арқылы онлайн және офлайн форматта өтті.
Іс-шараға барлық өңірден жүзге жуық бухгалтер мен мемлекеттік сатып алу жөніндегі мамандар қатысты. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша қажетті ақпараттарды кәсіби сарапшы Әлішер Мәжит айтып берді. Осы салада он жылға жуық тәжірибесі бар маман бюджет қаражатын үнемдеу және мақсатсыз пайдаланудың алдын алу, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау, өнім берушіні таңдау, шарттарды орындау және тәуелсіз сарапшылар мен қоғамдық бақылаудың рөлі туралы кеңінен айтты.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button