Жаңалықтар

Әйтеке би ауданында 40-қа жуық отбасы желтоқсан айында үйлі болмақ

Бұл отбасылар тұрғын үй кезегінде бірнеше жылдан бері тұр. Ауданда жалпы саны 316 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, тұрғын үй саласындағы өзгерістерге тоқталды.
 Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында екі қабатты сегіз пәтерлі жалға берілетін коммуналдық үйлер 2021 жылдан бері салынуда. 2023 жылдың қазан айында ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы Асхат Шахаров құрылысы ұзаққа созылған нысанды тез арада әрі сапалы түрде халық игілігіне беруді тапсырып, қатаң бақылауына алған еді. Аталған тапсырмаға сәйкес, аудан әкімдігі жобаға қайта өзгеріс енгізді. Биылғы жылы мердігер мекеме «Baspana Build» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда. Желтоқсан айында 16 пәтер иесі анықталып, кілттері табысталмақ.

«Аталмыш жобаның құны – 298 млн теңгеден асады. Құрылыс-монтаж жұмыстары қазір толығымен аяқталуы жақын. Үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр»,деді Дәулетияр Тоғызбаев.
 Аудан әкімінің айтуынша, бұдан бөлек Қарабұтақ ауылында екі пәтерлі 11 үй салынып жатыр. Бұл үйлердің де құрылысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Жалпы құны 327 млн теңгені құрайтын жоба аяқталған соң, тағы 22 ауыл тұрғыны баспаналы болмақ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button