Жаңалықтар

Бөгеттер салынып жатыр

Көктемге әзірлік

Облыс әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ғалымжан Елеуов Темір ауданына жұмыс сапарымен барып, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Қазіргі уақытта аудан орталығында мердігер компаниялар— «Story Master Elite Group» ЖШС Шұбарқұдық кентінің кіреберісінде және «Stro Proekt» ЖШС «Задепо» аймағын су тасқыны қаупінен қорғау мақсатында бөгеттер салып жатыр.

Сонымен қатар сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеттері құрылысы Сарыкөл ауылдық округіндегі Шұбарши, Құмсай және Қопа елдімекендерінде де жүргізіліп жатыр.

Шұбаршиде бас мердігер— «Story Master Elite Group» ЖШС, Құмсай елдімекенінде— «TAF Company» ЖШС, ал Қопа елдімекені бойынша бас мердігер «Lider Invest» ЖШС жауапты.

Бөгет құрылыстарын қарап шыққан Ғалымжан Елеуов аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандәурен Қойшыбаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, оның уақтылы аяқталуын бақылауда ұстауды тапсырды.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button