«Ақтөбе» — сенімді серігім
Баспасөз – 2025
Айтуған АСҚАРОВ,
ардагер теміржолшы:
—«Ақтөбе» газеті — өңіріміздегі сенімді ақпарат көзі. Әрқашан жаңалықтарды дәл әрі уақтылы жеткізіп, аймақ тұрғындарын өзекті мәселелер жөнінде дәлелді ақпарат беріп отырады. Әсіресе, газеттің өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ақпараттарды қамтып, халықтың пікіріне құлақ асуы айтуға тұрарлық. Тілшілердің қоғамдағы әр оқиғаны қалт жібермей, дәйекті түрде ұсынуы оқырманның сенімін арттырып, «Ақтөбе» газетін облыстың ең беделді басылымдарының біріне айналдырды.Газетті тек ақпарат таратушы емес, сонымен бірге өңірдің дамуына ықпал ететін мәселелерді көтеріп, тұрғындардың жанайқайын билікке жеткізетін, қоғамның әр өкіліне үн қататын атқарушы билік пен өңір тұрғындары арасындағы алтын көпір деуге болады.
«Ақтөбе» газетінің ұжымына алғысымыз шексіз. Журналистерге әрі қарай да осылай белсенді еңбек етіп, өңіріміздің дамуына үлес қосуына тілектеспіз. Газет бетінде жарияланатын әр мақала қоғамға үлкен ой салып, облысымыздың дамуынаүлес қоса беретініне сенемін.
Темір ауданы.