Жаңалықтар

Тоғыз айдың түйіні

Аудан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы БАҚ өкілдеріне ақпарат берді. Ол аудандағы құрылыс жұмыстарына, ауызсу, көгілдір отын мәселелеріне тоқталды.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылдарда мектептерді жөндеу, спорт нысандарын салу, жолдар мен электр желілерін жаңарту сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы құны — 1599,2 миллион теңге. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар және ауыл ішілік жолдарды жөндеуге қаржы бөлінді.  Бұл ретте Шалқар-Бозой-Нөкіс және Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдар да жаңартылып жатыр, — деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан басшысы жұмыссыздық  деңгейін төмендету және халықты әлеуметтік қорғау мақсатында бірнеше шаралар қабылданғанын айтты. Оның ішінде жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу және мүгедектерге қызмет көрсету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Жыл басынан бергі 9 айда аудан бюджетіне 3985,9 миллион теңге түсті. Бұл—жоспарланған көрсеткіштің 121,8 пайызы. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы көлемі — 16 054,2 миллион теңге. Тау-кен өндірісі жалпы өнімнің 49,2 пайызын қамтып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға артты. Сонымен қатар ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 14 700,4 миллион теңгеге жетіп, салаға 156,5 миллион теңге инвестиция тартылды. Мал шаруашылығын дамыту аясында асылтұқымды мал саны арттырылып, цифрландыру жұмыстары жүргізілді, — деді Жанболат Жидеханов.

Жиын барысында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button