Жаңалықтар
Шалқар ауданындағы үш елдімекенге келер жылы көгілдір отын жеткізіледі
Бүгінгі таңда Шалқар ауданында жалпы халық санының 88,4 % немесе 37,5 мың тұрғыны көгілдір отын пайдалануда.
«Өткен жылдың соңында Айшуақ ауылдық округіне қарасты Есет ата ауылына газ беріліп, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп бастады. Айта кететін бір жайт, осы жобаның мердігері ауданымыздағы Есет-Дәрібай кесенесіне демеушілікпен газ тартып берді. Қазіргі таңда Қопасор елді мекенін газдандыруға жобалық сметалық құжаттары мен сараптама қорытындысы дайын»
– деді аудан әкімі Жанболат Жидеханов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.
Ол сондай-ақ, биыл Бершүгір, Сарсай, Алабас ауылдарына газ тарту жұмыстары басталғанын атап өтті. Бұл жұмыстарға бюджеттен 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Жобалар 2025 жылы аяқталуы тиіс.