Жаңалықтар

Инвесторлармен кездесу

KGIR-2024

Астанада өткен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2024)  500-ден астам делегат, оның ішінде халықаралық компаниялар мен сарапшылардың өкілдері қатысты.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің жетекшілігімен өткен іс-шарада негізгі инвестициялық трендтер және олардың халықаралық стратегияларға әсері талқыланды. Өңірлерді индустриялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

KGIR-2024 аясында Ақтөбе облысында техникалық метанол өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін Ақтөбе облысының әкімдігі мен «МКС Восток» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жаңа жоба жергілікті метанол өндірісін дамытуға мүмкіндік беріп, өңірдің импортты алмастыруына және экономикалық әлеуетін нығайтуына ықпал етеді.

Сондай-ақ іс-шара барысында Үкімет басшысы өңірлік экономиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін үздік инвесторларға марапаттар табыс етті. Оның ішінде Ақтөбе облысынан «Зерде Керамика» ЖШС бар.

KGIR-2024 аясында облыс әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов АҚШ, Испания, Иран бизнес өкілдерімен, сондай-ақ электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, автомобиль жасау және т.б. салалардағы қазақстандық және халықаралық өндірушілермен бірқатар кездесу өткізді.

KGIR-2024 тәжірибе алмасу және өсу, инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау бағытындағы бірегей платформа болды.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button