Жаңалықтар

Үздіктер марапатталды

ҮЕҰ

Бейсенбі күні қалалық Мәдениет үйінде өткен «Мықты азаматтық қоғам — мықты мемлекет» атты үкіметтік емес ұйымдар конференциясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, белсенді азаматтар марапатталды.

Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Іc-шара барысында облыстағы заңды тұлғалар бірлестігі және үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы көрмелер ұйымдастырылып, презентациялар көрсетілді.

«Ақтөбе облысының азаматтық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Әлішер Мәжит биыл өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп атқарған іс-шаралары мен жүзеге асырған жобалары жайлы айтты.

Бұдан кейін Байғанин, Қарғалы, Темір аудандарындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының мүшелері ортаға шығып, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің хор ұжымымен бірге халық әні «Гүлдер-айды» шырқады.

Конференция барысында жартылай стационар және үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың, әлеуметтік инватакси қызметінің, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы туралы бейнероликтер көрсетілді.

Қобда ауданынан келген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының белсенді мүшесі Аружан Сағымбаева «Бал балалық», ымдау тілін оқыту курсының қатысушылары Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Жиналғандарға Ақтөбедегі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, шағын қойылым ұсынылды. Сондай-ақ «Самұрық» би ансамблі сахнада өнер көрсетті.

Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан сөз сөйлеп, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамда алар орны мен жас ұрпаққаұлттық-патриоттық тәрбие берудегі рөлі айрықша екенін жеткізді. Белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдерінеМәдениет және ақпарат министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Атап айтсақ, Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Тәттігүл Талаева, Алғыс хатымен «Атамекен» студенттер отряды жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаев, «Растемка» аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Салтанат Кенжебекова, «Болашақ мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Нұрбаева, «Тұмар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артур Әзиев, «Prof Contact» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлдана Мурзагереева,

«Ерасыл Н» мүгедектерді қолдау орталығының тәрбиеші-логопеді Нұрбибі Ещанова марапатталды.

Сонымен қатар облыс әкімінің Алғыс хатын«Arnau A.S» қоғамдық қорының төрағасы Алма Сапар, «Малика» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Қарабалина,

«JasAqtobe-2022» қоғамдық қорының мүшесі Гүлнар Қабиева, «Байғанин ауданы бойынша ұлттық ат спорт түрлері бойынша федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Медет Бақдәулет, «Жас кен» қоғамдық қорының төрағасы Арыстан Мұқан, «Qoldau Event» қоғамдық ұйымының төрағасы Тойжан Төлепбаев, «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қорының құрылтайшысы Марта Асанова, «Ақтөбе қаласының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Айгүл Құсайынова, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтар одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сымбат Нағметова,

«Болашақ мұра» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Сандуғаш Тажгарина мен аталған бірлестіктің әлеуметтік қызметкері Светлана Медведева иеленді.

Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button