Басты жаңалықтар

Жол сапасымен құнды

Биыл елімізде 12 мың шақырым жолда құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Аталған 12 шақырымның үштен екісі — республикалық, ал 4 мың шақырымы — жергілікті желіге тиесілі жолдар.

Оның ішінде 7 мың шақырым жолдағы жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Жол құрылысы қарқынды жүріп жатқанымен, қарапайым жолаушылардың көңілінде оның сапасы қалай болады деген күдік те жоқ емес. Жолдың санынан гөрі сапасы маңыздырақ екенін өз Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Автокөлік жолдарының жай-күйі — өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахан, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын.

Әрине, мұндасаннангөрі сапа маңыздырақ. Солүшінинновациялықзаманауиәдіс-тәсілдердікеңіненқолданғанабзал. Бұлжұмысқақоғамдықбақылаудыкүшейтуүшінбірыңғайцифрлықплатформаныіскеқосқанжөн», — деп атап өтті.

Қазір осы өзекті мәселені шешу мақсатында қоғамдық бақылауды күшейту де көзделіп отыр. Биыл, мысалы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық кәсіпорны БАҚ өкілдерін жол сапасын тексеру жұмыстарымен таныстыру үшін, «Сапа керуені» баспасөз турын ұйымдастыруды қолға алды. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамы «Халықтық бақылау» жобасын іске қосты. Жоба аясында еліміздің кез келген азаматы салынып және жөнделіп жатқан жолдарда жұмыстың сапалы жүргізілуіне қоғамдық бақылау жасауға қатыса алады.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жуырда Ақтөбе — Қандағаш автокөлік жолының бойында «Сапа керуені» баспасөз турын ұйымдастырды. Ақтөбелік БАҚ өкілдері алдымен аталған ұлттық орталықтың біздің облыстағы филиалына шақырылып, мұндағы зертхана жұмыстарымен танысты.

Зертханаға жол жабындысының бір қабатынан немесе толықтай жабындының өзінен цилиндр түрінде кесіп алынған үлгілер әкелініп, мамандар оның тығыздығы, су өткізгіштігімен қатар, пешке салып, ыстыққатөзімділігін де тексереді. Бұл үлгілерді «керн» деп атайды. Одан бөлек материалдар жеке күйінде де тексеруден өтеді. Өйткені жолға төселетін битум, қиыршықтас, басқа да материалдар талаптарға сай болуы керек.

Тексерілетін керн не материалдардың нақты қай жол бөлігінен, қай мердігерден немесе қай өндірушіден келгені жөніндегі деректер мамандарға алдын ала берілмейді. Мамандардың айтуынша, мұндағы тексеру барысында қолданылатын технологиялар көптеген дамыған елдерде, соның ішіндеЕуропа елдерінде де қолданыста бар.

Зертханадағы тексеру барысында анықталған деректер тапсырыс берушіге жіберіледі. Егер талапқа сай келмесе, мердігер сол материалдан құйылған асфальт қабатын түгелдей алып тастап, жаңадан төсейді.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-нің өңірлердегі бөлімшелері  жол сапасын жол бойындағы жұмыстардың барысында анықтау үшін, жылжымалы зертханалармен де қамтылған екен. Салынып жатқан жолдың техникалық жағдайы қандай, тегіс салынып жатыр ма, тайғақ емес пе, т.б. көрсеткіштер бойынша зерттеулер осы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі.

Баспасөз туры барысында журналистер Ақтөбе — Қандағаш жолының бойындағы жұмыстармен де танысып, жүргізушілермен және жолаушылармен жүздесті.

Бұл —Ақтөбе — Атырау — РФ шекарасы күрежолының бір бөлігі. Аталған күрежолдағы жаңғырту жұмыстары 2021 жылы басталған еді.

Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Нұртілек Хасенов:

Еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 95 мың шақырымнан асады. Соның ішінде биыл 12 мың шақырым жолда асфальттау, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ақтөбе — Атырау — РФ шекарасы дәлізін жаңғыртуға бағытталған жобаны үш бөлікпен жүзеге асыру көзделген. Бұлар — Ақтөбе — Қандағаш; сондай-ақ ұзындығы 359 шақырым болатын Қандағаш — Мақат және ұзындығы 270 шақырымды құрайтын Атырау-Астрахан автокөлік жолдары, — деді.

Ақтөбе — Қандағаш автокөлік жолының ұзындығы — 96 шақырым. Бұл жолдың халыққа тиімді бір тұсы: көліктер тасқыны бұрынғыдай Қандағаш пен Алға қалаларын кесіп өтпей, айналып кететін болады. Мұны журналистер осы сапар барысында өздері де көріп қайтты.

Ақтөбе — Қандағаш жолына 50 жыл ішінде жөндеу жүргізілмеген. Енді жаңа жолдың сапалы болуына мамандар ерекше ден қойыпты.«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандарының айтуынша, құрылыс барысына 600-ден астам инспекциялық тексеру жасалған. Былтырдың өзінде жол құрылысында жүрген екі мердігердің бірінің жұмысына қатысты — 298, ал екіншісінің жұмысына қатысты 197 сынама алынған.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-нің бас директоры Болатбек Айтбаев:

Жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдарды тексеру үшін жалпы саны 2700-ден астам сынама алынды. Оның ішінде 3,7 пайызының талапқа сай еместігі дер кезінде анықталды. Әрине, бұл — мердігерлер соған сәйкес шара қолданып, қателіктер түзетілді деген сөз. Ақтөбе-Қандағаш жолының 75,5 шақырымы — төрт жолақты, бірінші санатты; қалған бөлігі — қос жолақты жол, — деп нақтылады.

Ақтөбе — Қандағаш жолының бір бөлігі қазір пайдалануға берілген. Мамандардың айтуынша, қараша айының соңына дейін қалған бөлігі де ашылуы тиіс. Қазіргі күні жол бойында абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Елді мекендер тұсында малдың жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар да қойылған. Жол теп-тегіс, көліктер зымырап өтіп жатыр.

Мамандар жолдың бастапқы осы сапасымен қатар, кейінгі күтімін де ұмытпау керектігін қайта-қайта айтумен болды. Олардың пікірінше, күтіп ұстаса, жолдың пайдалану мерзімі де ұзармақ.

Аталған жолдың 52-100 шақырымдары аралығында жұмыс жүргізіп жатқан «Ассана Дорстрой» ЖШС-ның өкілі Сейдахмет Қошабаев:

Біз өз жұмысымызға екі жылға кепілдік береміз.Біз салған жолдың 33 шақырымнан астамы — бірінші категориялы жол. Бірінші санатты жолдың пайдалану мерзімі — 15 жыл. Бұл жолдың батыс өңірі үшін өте маңызды екенін, әрине, ескердік, — дейді.

Расында, Ақтөбе — Атырау — РФ шекарасы дәлізі аталған екі облыстың құрамындағы 9 ауданның үстінен өтеді. Осы аудандарың қарапайым тұрғындары жолдың жөнделгеніне зор қуаныш білдіріп отыр. Алға ауданындағы Тамды ауылының тұрғыны Әжібек Базарғали:

Көп жыл қалаға қатынап жұмыс істедім. Қазір бұрынғыдай емес, жолға кететін уақыт қысқарып, қалаға жетіп баратын болдық. Көлігіміз жолда жүйіткіп тұр. Дегенмен мұндайда жүргізушіге сақтық, ережеге бағыну да керек. Жолда жүретін көлік иелері өзінің де, басқалардың да амандығын ойлап, жылдамдықты мөлшерден асырмауға тиіс. Ол жағын да ескереміз, — деді.

Осы ауылдың тағы бір тұрғыны Мейірхан Сафиұлы да бұрынғы шұрық тесік жолда көлік күтімінің қымбатқа түскенін, машинаның қосалқы бөлшегін жиі алмастыруға тура келгенін айтып, сол бейнеттен құтылғанына қуанатынын жеткізді.

«Сапа керуені» баспасөз туры одан әрі Атырау облысында жалғасты.

 И. ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button