Жаңалықтар

«Ақтөбе ӘКК» 463,5 млн  табысқа қол жеткізді

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында «Ақтөбе ӘКК» қызметінің 9 айдағы жұмысы қорытындыланды. Атқарылған жұмыс пен алдағы жоспар туралы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әуез Тайымбетов өз баяндамасында айтып берді.

Жобалық жұмыстар бойынша «Ақтөбе» әлеуметтік-корпорациясы ұзақ жылдан бері алғаш рет рекордтық көрсеткіш көрсетті. Қор көлемі 463,5млнтеңгеге толықты. Бұған дейін  корпорация тапқан табыс мөлшері төмен болған.Корпорация басшысының айтуынша жыл соңына дейін табыс пайдасы тағы да артуы мүмкін.

«Ақтөбе» әлеуметтік-корпорациясыныңүлкен ұжымы  жақсынәтиже көрсетіп, өз тарихында бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Бұл көрсеткіш жалпы Ақтөбе облысы үшін үлкен мақтаныш.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарына жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бөлінген қаражатты игеру бойынша 15миллиард теңге көлемінде қарыз берді. Несиелік комитет барлығы2702өтінімдімақұлдады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, «Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларынан бюджетке 93,3млнтеңгегесалықтүсті. Аталған жоба аясында ауылдардаекімыңнанастам жаңа жұмысорындары ашылды.Бұданбасқа,инвестициялықжобалардынесиелеужөніндегіжұмысшеңберінде«Ақтөбе»әлеуметтік-корпорациясы«Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне гольштейн-фриз  асыл тұқымды800 мал басын алып, сүт-тауарфермасынкеңейтужөніндегіжобаны іске асырудақолдау көрсетті. Жобаныңжалпықұны4,6миллиардтеңгеніқұрайды. Оның3,25миллиардтеңгесіәлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұсынған жеңілдіктермен қаржыландырылды.БұлжобаҚазақстанРеспубликасыныңагроөнеркәсіптіккешеніндамытуға,«Айсплюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ішкіөндірісіүшінменшіктішикізаттапшылығынжоюғабағытталған. Бүгіндесүттің30% – дан астамыүшінші тараптан  сатып алынады. Бұлөнімнің құндылығын арттырып, еліміздесүтөндірісі үшіншикізаттапшылығынжоюға бағытталған. «Айс» компаниясы Ақтөбеоблысындағы ең ірісүт өңдеушілердің бірі, фермадансөрегедейінгі өндірістіңбарлық сатысынқамтиды. Айтакету керек, «Ақтөбе»әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы осы жобаны қолға алған кезде алғаш рет жобалыққаржыландырутәсілдерінқолданды.2024-2025жылдардыңжұмысы негізіндеөңірлікэкономиканыдамытуғажәнеинвестициялартартуғабағытталған2025-2030жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын құрды. Оған жұмыстиімділігінарттыружәнекомпанияішіндегіпроцестердіоңтайландыруүшінавтоматтандырудыенгізу, жарғылықкапиталдытолықтыруарқылықаржытарту, жасыл және әлеуметтік облигацияларды шығару арқылы іріжобаларды жүзеге асыру қарастырылды. Сондай-ақ, жобалардықаржыландырудың аясын кеңейту  мақсатында қорға түскен қаржыны пайдалану жоспарлануда, — деді басқарма төрағасы Әуез Тайымбетов.

Сондай-ақ «Ақтөбе» ӘКК «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өтінімдерді қарау барысында бірыңғайфронт-кеңсесінқұрды. Аталған кеңсе ӘКК контрагенттерінің өтінімдерін «бір терезе» қағидаты бойынша қарап, қабылданған шешімдердің сапасын жақсартуға және қаржылық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік бермек. Жаңа блок қаржыландаруға берілген өтінімдерді өңдеуге және  индустриалды аймақ резиденттеріне қолайлы жағдай жасау секілді бірнеше маңызды міндеттерді атқарады. Бұл қадамдармен жаңа тәсілдер өңірмен ел экономикасын  дамытуға бағытталған институт қалыптастыруға мүмкіндік береді.

А. АЛТЫБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button