Жаңалықтар

Ақтөбе облысында өңірдегі автожолдарды жөндеу мен салуды бақылау үшін цифрлық платформа іске қосылды

Естеріңізге сала кетейік, биылғы Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлердегі жолдардың жөнделуін бақылау үшін платформа құруды тапсырған еді.

Ақтөбе облысы алғашқылардың бірі болып BIRGE PROJECT бірегей электронды бақылаужүйесін 

таныстырды, ол автожолдарды жөндеумен салудың барлық процесін бақылауға мүмкіндік береді.

Цифрлық платформаның ерекшеліктері туралы BIRGE салалық кластерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Арман Евниев айтып берді.

«Бірыңғай платформаның арқасында жобаны әзірлеуден бастап нысанды пайдалануға беруге дейінгі жөндеу жұмыстарының бүкіл процесін бақылауға болады. Оның ішінде нақты уақыт режимінде нысанның өзіне бармай-ақ, жөндеу жұмыстарының барысын онлайн режімінде көре алады. Яғни мердігер ұйымның республикалық маңызы бар тас жол болсыннемесе қаладағы жол бөлігі болсын, жолды қалай жөндеп жатқаны көрсетіледі. Платформада жобаның бюджетімен детанысуға болады»,  деп түсіндірді платформаға жауаптылар.

Арман Евниевтің айтуынша, алдағы уақытта жүзеге асырылып жатқан жобаларға қоғамдық бақылауды күшейту үшін депутаттар,партиялықтар, қоғам қайраткерлері,белсенділер, БАҚ өкілдері тартылмақ.

«Қазір Ақтөбе облысында бюджет қаражатыесебінен жүргізілетін жолдарды жөндеу және салуға қатысты 112 жоба іске асырылуда. Осы112 жобаның барлығы жүйеге енгізілген. Платформаға кіріпжұмыстың қалай жүріп жатқанын рұқсат етілген азаматтар көре алады. Деректерді жүйеге мердігер ұйымның өкілі енгізеді. Платформада сіз мердігердің өзітуралы ақпаратты, оның қазіргі уақытта қаншажоба жүргізіп жатқанын және жұмысты қаншалықты орындайтынын біле аласыз .Әрбір мердігер ұйымның рейтингін бірден қоюға болады»,  деді Арман Евниев.

Бүгінде жүйеге 2025 жылға жоспарланған жобаларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Пайдаланушылар жобаны әзірлеу қай кезеңдеіске асырылып жатқанымен танысып, өз пікірлерін айта алады. Айта кету керекцифрлық платформада қазір Ақтөбе облысындағы барлық жобалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ, онлайн режимінде құрылысалаңына барыпжұмыстар туралы толығырақ білу мүмкіндігі бар.

«Халық жөндеу жұмыстарының мерзімдерімен сапасына жиі шағымын айтады. Осыжүйенің арқасында біз осындай өтініштергежедел жауап бере аламыз, мердігерлердіңжұмысын бақылай аламыз және жұмыстарды орындаудағы кешігу мен кемшіліктердің алдын аламыз. Цифрлық платформа процесті белсенді бақылауға және жөндеудің әрбір қадамынан хабардар болуға септігін тигізеді», деген облыс әкімі Асхат Шахаров осы бақылау жүйесінің артықшылықтарын атап өтті.

Әзірлеушілердің айтуынша, аталған платформада әкімдер, басқарма басшыларының рейтингі жүргізіледі. Пайдаланушылар басшылықтағы лауазымды тұлғалардың қызметіне баға бере алады.

Н.ДАБЫЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button