Жаңалықтар

«Ақтөбені» үй ішімізбен оқимыз!

БАСПАСӨЗ — 2024

«Ақтөбе» газеті — өңірдің  жылнамасына айналған шежірелі басылым. Биыл газетке 100 жыл толды. Ғасырдан астам уақыт жасаған газеттің жас ұрпаққа берері көп. Мен 2009 жылдан бері газетке жазыламын. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелермен бірге, облыста атқарылған игілікті істердің барлығын осы газеттен оқимын. Қазір әлеуметтік желіге көп жаңалықтар шығады. Оның бірі жалған болса, бірі шын. Сондықтан  ресми ақпаратты мерзімді басылымдардан оқимын. Жалпы, облыстық газеттің бетінен көп нәрсені көруге болады. Мәселен, тың деректерге толы «Тарих», өңірдегі  тарихи-мәдени мұралар туралы жазылатын «Өлкетану» беттерін, өңір тұрғындары жазған хаттарды топтастыратын «Оқырман» бетін және  «Әдебиет» беттерін қызыға оқимын.

Жалпы, «Ақтөбе» газетін үйішімізбен оқимыз. Балалар «Балдырған» бетін қарайды. Өзім мектепте тәлімгер болғаннан кейін өңірге қажетті ақпараттарды осы басылымнан табамын.

«Ақтөбе» газетінің ұжымына тілектес екенімді білдіремін, облыс  тұрғындарын газетке жазылуға шақырамын.

 Айдана БАҚТЫБАЕВА, Т.Шанов атындағы орта  мектептің тәлімгері.

Шалқар ауданы, Жылтыр ауылы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button