Жаңалықтар

Әлеуметтік нысандардың құрылысы — бақылауда

Құрылыс

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбеде салынып жатқан өрт сөндіру депосы, «Жайлы мектеп» және №49 мектепке жапсарлас салынған ғимараттың құрылыс барысын қарап шықты.

Ақтөбе қаласының Есет батыр тұрғын алабында ІІ типтегі өрт сөндіру депосы жаңадан бой көтеруде. Өңір басшысы жаңа корпустың нормативтік актіге сәйкестігін тексеріп шықты.

Аумағы 1,5 га жерді алып жатқан өрт сөндіру бөлімі шаһардың шеткі  бөлігіне қызмет етуге ыңғайлы орналасқан. Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде осы ерекшелікке басты назар аударылған.

Ғимаратта әкімшілік корпус, 4 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, қарауыл кабинеті, асхана, санитарлық тораптар, қабылдау бөлмесі, акт залы, қоймалар, газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған арнайы жаттығу бөлмесі қарастырылған.

Құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланған. Мердігер компания — «Бабэк Құрылыс».

Аталған компания Ақжар-2 тұрғын алабында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп салып жатыр. Құрылыс кестесіне сәйкес нысан жыл аяғында халық игілігіне берілуге тиіс.

Аймақ басшысы жұмыс қарқынын арттыруды, соның ішінде мектеп айналасын абаттандыру ісін жеделдетуді тапсырды.

Ақжар-2-де орналасқан №49 орта мектепке 250 орындық жапсарлас ғимарат салынды. Бүгінде құрылыс жобасында қаралған волейбол, баскетбол алаңы әлі толық аяқталмаған. Облыс әкімі мердігер компания өкіліне жұмыстарды сапалы тапсыруды міндеттеді.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button