Жаңалықтар

Италиялық инвесторлар Қаратал мектебіне көмек көрсетті

Ынтымақтастық

«Arm Wind» ЖШС су тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы мектепке материалдық қолдау көрсетті.

Атап айтқанда, білім ордасына олар IT-жабдықтарды сатып алып берді. Мұндай инвестиция ауылдағы білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушыларды заманауи технологиялармен қамтамасыз етеді.

Мектепті заманауи жабдықтармен қамтығаны туралы «Arm Wind» ЖШС бас директоры Федерико Пульезе облыс әкімі Асхат Шахаровпен кездесу барысында айтты.

Италиялық «ArmWind» компаниясы Ақтөбе облысымен бірнеше жылдан бері ынтымақтастықта еңбек етуде. 2020 жылы «ArmWind» Бадамшада қуаттылығы 96 МВт жел турбогенераторын орнатты.

Федерико Пульеземен кездесуде Асхат Шахаров көрсетіп отырған көмегі үшін алғыс айтып, екі жаққа тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниетін білдірді. Облыс әкімі бірлескен жобалардың экономиканың түйінді салаларын дамытуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға септігін тигізетіндігін атап өтті.

— Италия Республикасы – Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық әріптестерінің бірі. 2024 жылдың 8 айындағы қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 12,9 миллиард доллар экспорт пен 800 миллион доллар импорты қосқанда, 13,7 миллиард долларға жетті. Италиямен Ақтөбе облысының сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың 8 айы ішінде өткен жылғы көрсеткіштерден асып түсіп, 217,5 миллион долларға жетті. Экспорт 210,3 миллиондолларға дейін өсті. Қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтудың елеулі перспективалары бар. Жел электр станциясы жобасы Қазақстанда қуаттылығы мен көлемі бойынша ірі жел турбиналары орнатылған аймақтағы энергияның жаңартылған көздері саласындағы алғашқы қадам болды. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, осы саладағы проблемаларды шешуге көмектесетініне сенімдіміз, —деді облыс әкімі.

Федерико Пульезе өз кезегінде ынтымақтастықты жалғастыруға сенім артып, іскерлік қатынастарды нығайту мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button