Жаңалықтар

Өрт дер кезінде сөндірілді

Тілсіз жау

Ақтөбе қаласы Сазды өзенінің бойында 9 қазан күні қамыс өртеніп, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, өрт кезінде 5 гектар метр алаң оқшауланған. Өзен маңындағы бау-бақша учаскелеріне өрт таралмаған. Дегенмен қауіпсіздікті сақтау үшін тұрғындар эвакуацияланған.

— Өрт кешкі сағат 17.00-де сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында 50 бау-бақша учаскесі мен бір автокөлік өрттен құтқарылды. Тұрғындар зардап шеккен жоқ. Тек екі шаруашылық құрылысы өртенді. Өрт сөндіру жұмыстарына жалпы саны 47 адам, 13 техника жұмылдырылды, — дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Айбат Жаңабергенов.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button