Референдум

«Халықтың пікірін тыңдау маңызды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын халықпен талқылап, маңызын түсіндіру үшінөңірімізге Мәжіліс депутаттарыкелді. Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев және облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев Алға ауданына барып, тұрғындармен кездесті.

Қазыбек Әлішев алдымен АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастаманың маңызды екендігіне тоқталды.
— Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын талқылау үшін арнайы келіп тұрмыз. Өйткені осы уақытқа дейін рефрендум бізде тек саяси мәселе — ел Президентінің өкілеттілігін ұзарту бойынша ғана жүргізілген болатын. Енді әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша халықтың пікірін тыңдау маңызды. Халық АЭС салу ісіне тікелей араласып, бір шешімге келуіміз керек. Өйткені бұл қадам еліміздің дамуына тың серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өзі елімізде энергетика саласын дамыту атомэнергиясынсыз мүмкін еместігін айтып кеткен болатын, — деді ол.

Қазыбек Әлішевтің айтуынша, энергия тапшылығы қазірдің өзінде анық байқалып отыр. Оның үстіне тозығы жеткен станциялардың жағдайы алаңдатады.

— Қазіргі таңда елдегі барлық электр энергиясының басым бөлігін көмір электр стансалары береді. Ал олардың 70 пайызының тозығы жеткен. Атом энергетикасы осы мәселені оң шешуге мүмкіндік береді. Өйткені атом энергетикасы тұрақты, экологиялық таза және Қазақстанды ондаған жылдар бойы энергиямен қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, шешімқабылдауымыз керек, — деді ол.

Мәжіліс депутаты кездесулерде АЭС-тің тиімділігін айтып,  жұртшылықтың сұрағына дәлелді жауаптарын ұсынды.

Меңтай БЕКТҰРСЫНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button