АЭСРеферендум

АЭС салудың ұтымды тұсы – экономикалық тиімділігі

Атом электр станциясы еліміздегі қажеттіліктерді өтеуге, экономиканы дамыту үшін энергия шығындарын жабуға және көмір отынынан бас тартуға байланысты энергетикалық тұрақтылықты сақтау үшін қажет.

А.Болатбекова,

Ырғыз аудандық ветеринариялық

стансасының мал дәрігері.

Атом энергиясының басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі. Мұнай мен газ бағасы тұрақсыз болғандықтан, біраз мемлекет энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты энергия көзіне көшуді қарастыруда. Бұл орайда атом электр станциясының артықшылығы —тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз етеді. Ол мұнай, газ, көмір сияқты пайдалы қазба байлығына қарағанда, әлдеқайда пайдалырақ. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жарамды.

Қазіргі таңда біз үшін ең бастысы, АЭС салу мәселесінде ғылыми негіздердің болуы, одан бөлек бұл шешім қоғамдық пікірдің мүддесіне сай қабылдануы қажет. Бұл ретте қазақстандықтар алдағы референдумда өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button