Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Кәсіпкерлік

Бизнесті қолдау шаралары облыс әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында қаралды.

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың мәлімдеуінше, бизнесті қаржылай мемлекеттік қолдау аясында биыл жоспарланған 1 700 жобаның 1 291-і субсидияланды. Оған мемлекеттік бюджеттен14,7 млрд теңге бөлінген. Қаржылай қолдауға ие болған жобаның көбі Алға, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарына тиесілі.

Мамыр айынан бастап өңірде тіркелген шағын және орта бизнес объектілерінің саны 1 103 бірлікке, ал жұмыс істейтіндер саны 986 бірлікке ұлғайды.

Өңірдегі жұмыс істейтін кәсіпорындардың 31 324-і— сауда саласына, 14 040-ы —қызмет көрсету саласына, 10 129-ы— ауыл шаруашылығы секторына, 6 023-і—көлік және қоймалауға, 4 564-іөңдеу өнеркәсібіне және қалған 22,2 пайызы басқасалаларға тиесілі.

Кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының бір бағыты—әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ену. Бұл бағытта «Даму» қоры арқылы 7 пайызбен жеңілдетілген несие ұсыну қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған тізілімге 28 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.

Сондай-ақ бизнес-жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету де маңызды шаралардың бірі. 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 22 жобаны мақұлдады. Биыл 552,0 млн теңгеге 13 жоба мақұлданды.

Алмас Салықбаев былтыр Хромтауда енгізілген «Өркен» бағдарламасы іспеттес кәсіпкерлікті дамытудың жаңа өңірлік бағдарламасы туралы хабарлады. Бағдарлама кәсіпкерлерге несиені ең төменгі пайызбен рәсімдеуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруға бюджеттен 1 млрд теңге бөлу қажет болады. Ақтөбелік бизнесмендер үшін өз ісін дамыту мақсатында оны іске қосу мүмкіндігі 2025 жылға жоспарлануда.

Өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты тыңдағаннан кейін облыс әкімі халық арасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

 А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button