Жаңалықтар

«Сәлем, Әлем!»: жеңімпаздардың есімдері белгілі болды

6 қыркүйек күні сағат 19.00-де Г. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының сахнасында «Сәлем, Әлем!» балалар ән байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 20 мамыр мен 18 маусым аралығында «Сәлем, әлем!» балалар ән байқауының қашықтан іріктеу кезеңі өтіп, оған 300-ден астам бала қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 12 финалист анықталды – Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында тұратын 10 мен 13 жас аралығындағы жас орындаушылар. Жаз бойы балалар ERG қолдауымен вокалды және актерлік шеберлікті шыңдап, әрқайсысына авторлық концерттік және имидждік костюмдер тігілді.
Қорытынды концертте финалистер отандық және шетелдік эстраданың танымал хиттерін, соның ішінде қазақ композиторларының балаларға арнайы жазылған авторлық туындыларын орындайды. Байқауға қатысушылардың өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова бастаған кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Өзінің орындаушылық шеберлігін көрсеткен әрбір жас өнерпазға 1200 көрермен қошемет көрсетті.
Қойылымдардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы байқаудың дипломанттары мен жеңімпаздарын анықтады. 3 орын Демисин Рухияға, 2 орын Назаров Жансерікке, 1 орын Нсаналы Балымға берілді!
«Сәлем, әлем!» балалар ән байқауының Гран-при иегері финалдың ең жас қатысушысы 10 жасар Әлихан Шантемір болды! Әлиханның орындауындағы «Ананың жүрегі» композициясы ән кешінің нағыз сәніне айналып, барша көрерменнің ең мейірімге толы әрі ең қызықты эмоцияларын оятты. Әлихан жастығына қарамастан қазылар алқасы мүшелерін өзінің вокалдық қабілетімен, әртістігімен таң қалдырды!
Байқаудың финалына шыққан 12 үміткердің әрқайсысы бірегейлігімен, тамаша орындауымен, сахналық бейнелерімен есте қалды, сол үшін олар дүркіреген қошеметпен, дипломант атағымен және ERG компаниясының сыйлықтарымен марапатталды.
«Сәлем, әлем!» шығармашылық тобы Eurasian Resources Group компаниясына Ақтөбе облысының балаларының дарындыларына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді!

Дереккөз: Tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button