Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері
Жоғары білім
Облыс әкімі Асхат Шахаров Жұбанов университетінің ректоры Лаура Қарабасова мен Британдық Хериот-Уоттуниверситетінің вице-провосты, профессор Марк Биггсті қабылдады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында атап өткендей, бүгінгі таңда жоғары білімді интернационалдандыру мақсатында елге шетелдік танымал университеттер тартылды, олардың бірі—Хериот-Уотт.
Кездесу барысында тараптар британдық университет, Жұбанов университеті және әкімдік арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Марк Биггс ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Атап айтқанда, биылғы жылы студенттердің алғашқы тобы бірінші оқу жылын табысты аяқтап,екінші курсқа өтті. Вице-провос сондай-ақ оқыту қатаң түрде британдық стандарттарға сәйкес жүргізілетінін, бұл жауапкершілік талап ететініне тоқталды. Оған қоса Хериот-Уотт университетінің аймақтағы стратегиялық ынтымақтастыққа қатысты маңызды әрі ұзақ мерзімді жоспарлары бар екенін атап өтті. Олар бүгінгі таңда Жұбанов университетімен бірлесіп жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.