Жаңалықтар

Азаматтық қоғам өкілдері жолдауды талқылады

Дөңгелек үстел

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ресурстық орталықта азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға сарапшылар, кәсіподақ,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жәнеәлеуметтанушылар қатысты.

Отырыс барысында Президент Жолдауында көрсетілген қоғамның ең өткір әрі шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелер, елдің өткені мен бүгінін саралап, алдағы уақытта орындалуы қажет міндеттерді талқылады. Басқосуда азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған «қарызсыз қоғам» жобасына ерекше назар аударды.

—  «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты — азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесуге бағытталған. Осы орайда Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді Президент. Демек, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Сонымен қатар біз көбіне бакалавр, магистр дәрежесін алған жас мамандарды жұмысқа қабылдап, техникум, колледж бітірген мамандарды назардан тыс қалдырып жатқандаймыз. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Жолдауда өзекті мәселелер қозғалды, — деді Азаматтық бірлестік қоғамының өкілі Мұрат Жакиев. Үкіметтік емес ұйым өкілдері де өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыра түседі дейді.

Жолдаудың тағы бір маңызды бөлігі — саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау. Қазіргі уақытта мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту стратегиясы әзірленді. Бұл — мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қолдау. Олар да қоғамдық өмірден тыс қалмауы керек. Сондай-ақ біз бюджет тетігінің ашықтығын одан әрі жетілдірумен байланысты өңірлік саясатты жетілдіру бойынша жұмыс істейміз. Бұл — жақын арада жүзеге асырылатын жоспарларымыздың аз ғана бөлігі, — деді қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Вазих Ақтаев.

Бұдан бөлек дөңгелек үстел басына үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері Президент Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерге жан-жақты тоқталып, оны орындау жолдарын талқылады.Азаматтық қоғам өкілдері Жолдауда айтылған басты бағыттардың бірі кадрларды даярлау мәселесін атап өтіп, Мемлекет басшысының Жолдауы уақыт талабына және қоғамның үмітіне сай келеді деген пікірге келді.

Іс-шара барысында азаматтық қоғам өкілдері әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, дарынды жастар мен жас ғалымдарды қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының қосалқы, маңызды және жүйелі құрамдас бөлігі болады деген пікір білдірді.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button