Жаңалықтар

«CarGoRuqsat» қосымшасының электрондық кезегі

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024.09.09. күнінен бастап «Әлімбет» (Ақтөбе облысы) автомобиль өткізу пунктінде «CarGuRuqsat» электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлайды.

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы

электрондық кезектен орын брондауы қажет.

Ол үшін https://cgr.goldau.kz/start сілтеме бойынша өтіп, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркеліп және кіріп, өткізу пунктін тандап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктінеуақтында келу қажет.

Сервис «Qoldau.kz» цифрлық платформа негізінде іске асырылды.

«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button