Жаңалықтар

1351 оқушыны мектепке дайындады

Мектепке жол

Біздің облыстың мешіттері «Мектепке жол» акциясының аясында 1351 оқушыға қайырымдылық көмеккөрсетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің мешіттері жыл сайын «Мектепке жол» акциясына атсалысады.Биыл да ҚМДБ-ның«Зекет және қайырымдылық қоры» өкілдігінің ұйымдастыруымен балаларға оқу құралдары, т.б. мектепке қажетті бұйымдар алынды. Оқушылар бұл тартуды ата-аналарымен бірге мешіттерге келіп алды. Ал ата-аналар мешіттер мен демеушілерге өз тарапынан алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлыбиыл қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтап, «Өркениетке қадам басқан бүгінгі кезеңдегі басты қуат — білімде. Алаш ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста іспетті, не істесе де келістіріп істейді» — дейді. Білімді адам өз ортасынан оқ бойы озып, еліне, жеріне, ұлтына, дініне аянбай қызмет етеді. Алған білімді халық игілігіне жұмсау — сауабы мол амалдың бірі», — деп атап өткен еді.

Ақтолқын ТАЖИКОВА,

облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button