«Бір ауыл — бір өнім»
Көрме-жәрмеңке
Облыс орталығында биыл екінші рет «Бір ауыл — бір өнім» атауымен көрме-жәрмеңке өтті. Облыстың әр өңірінен жиналған 28 кәсіпкер өз өнімін көрмеге шығарып, жұрт назарына ұсынды. Олардың өнімдерімен арнайы құрылған жұмыс тобы танысып, үздіктерді анықтады.
«Далида Центр» сауда орталығында өткен көрме-жәрмеңкеде маринадталған бөдене жұмыртқасы, жартылай ысталған ет өнімдері, түйе мен қой жүнінен жасалған бұйымдар, кір сабын, қыштан жасалған ыдыстар және басқа да көптеген жергілікті өнім бар. Аталған жоба ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, қарапайым азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған. Жергілікті кәсіпкерлер «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, кәсібін бастаған. Жәрмеңке аясында өз өнімдерін ұсынған кәсіпкерлер арасынан 10 үздік анықталды. Олардың арнайы құрылған комиссия арасынан 3 жеңімпазды іріктейді. Жеңімпаз болып танылған кәсіпкерлер осы жексенбі басталатын дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы республикалық көрме-жәрмеңкеде аймақты таныстыратынболады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
А.АЛТЫБАЕВА.