Жаңалықтар

Республикалық ақпараттық топ мүшелері— біздің өңірде

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін істері комитетінің қолдауымен өңірімізге келген республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ақтөбеліктерге рухани-адамгершілік құндылықтар туралы айтып, өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап берді.

Аталған іс-сапардың мақсаты — халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу. Осы бағытта ұйымдастырылған жалпы саны 21 іс-шарағабарлығы600-ден астам адам қатысқан.

Аталған іс-шараға дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Топ құрамында Алматы қаласындағы «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, теология ғылымдарының PhD докторыТимур Нүсіпханов, Астана қаласындағы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманыМейірбек Қалманов, Ақтөбе қаласындағы «Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің директоры Сұлтан Жидебаев пен осы бірлестіктің теолог маманыАзамат Амангелдиев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидатыҮмбетқан Сәрсембин бар.

— Біз тек дәріс оқып қана қоймай, жақсы кері байланыс жасадық. Осы мүмкіндікті пайдаланаотырып, ақтөбелтұрғындарыбіздітолғандыратынсұрақтарқойды. Олар діни тақырыпта сенімді ақпаратты қалай және қайдан алуға болады, заңмен тыйым салынған діни деструктивті ағымдар туралы қайдан білуге болады, жат ағым өкілдерін қалай ажыратуға болады және басқалар туралы қызығушылық танытты. Осы және басқа да сұрақтарға толықжауапберугетырыстық, —деп атап өтті Мейірбек Қалманов.

Түсіндіру тобының мүшелері Ақтөбе қаласы мен Алға, Хромтау (Ақжар, Бөгетсай ауылдары)аудандарын аралап, халық арасында «Жасөспірімдерді теріс діни ағымдардың ықпалынан  сақтандыру»,  «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері», «Дін және зайырлылық», «Рухани-адамгершілік құндылықтар», «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Іс-сапар барысындағыақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілер, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары, өндіріс және кәсіпорын қызметшілері мен түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button